1 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бірақ жауын-шашынсыз күн күтіледі, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
"Қазгидромет" РМК мамандары еліміздің мегаполистері мен облыс орталықтарындағы ауа райына болжам жасады.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -16...-18°C, күндіз -6...-8°C.
Алматыда да жауын-шашын күтілмейді, күн құбылмалы бұлтты. Жел 2-7 м/с. Түнде -3...-5°C, күндіз +4...+6°C жылы.
Шымкентте ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +1...+3°C, күндіз +11...+13°C.
Ақтауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +1...+7°C.
Ақтөбеде күн құбылмалы бұлтты, тұман түседі. Жел 5-10 м/с. Түнде -10...-12°C, күндіз -3...-5°C.
Атырауда бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман күтіледі. Жел 5-10 м/с. Түнде -5...-7°C, күндіз -1...-3°C.
Жезқазғанда таңертең және күндіз жаңбыр аралас қар жауады, көктайғақ. Жел 7-12 м/с. Түнде -11...-13°C, күндіз -1...-3°C.
Қарағандыда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Түнде -13...-15°C, күндіз -3...-5°C.
Көкшетауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел 2-7 м/с. Түнде -17...-19°C, күндіз -7...-9°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түседі. Жел 9-14 м/с. Түнде -6...-8°C, күндіз +1...+3°C.
Қостанайда жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты. Жел 2-7 м/с. Түнде -12...-14°C, күндіз -6...-8°C.
Қызылордада жаңбыр аралас қар жауады, тұман, көктайғақ. Жел 5-10 м/с. Түнде -3...-5°C, күндіз +1...+3°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде -19...-21°C, күндіз -8...-10°C.
Петропавлда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Түнде -13...-15°C, күндіз -8...-10°C.
Семейде ауа райы құбылмалы, жауын-шашын жоқ. Жел 2-7 м/с. Түнде -13...-15°C, күндіз -3...-5°C.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты. Жел 2-7 м/с. Түнде -15...-17°C, күндіз +3...+5°C.
Таразда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде -1...-3°C, күндіз +8...+10°C.
Түркістанда ауа райы құбылмалы, тұман түседі. Жел 8-13 м/с. Түнде 0...+2°C, күндіз +8...+10°C.
Оралда жаңбыр аралас қар жауады, бұрқасын, көктайғақ, тұман. Жел 9-14 м/с. Түнде -6...-8°C, күндіз -1...-3°C.
Өскеменде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 1-6 м/с. Түнде -16...-18°C, күндіз -6...-8°C.




