Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

1 млрд теңге: Ресейде ұсталған әзілкеш Нұрлан Сабуровтың Мәскеуге жинаған байлығы тарап кетті

Ресейде тұратын ұлты қазақ әзілкеш Нұрлан Сабуровтың иен байлығы туралы ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo . SHOT мәліметінше, стэндап-комик қоршаулы элиталы тұрғын үй кешенінде тұрады. Ол үйдің құны шамамен 115 миллион рубль - 731 млн теңге. 2022 жылдың ақпан айында

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
1 млрд теңге: Ресейде ұсталған әзілкеш Нұрлан Сабуровтың Мәскеуге жинаған байлығы тарап кетті
Ресейде тұратын ұлты қазақ әзілкеш Нұрлан Сабуровтың иен байлығы туралы ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo. SHOT мәліметінше, стэндап-комик қоршаулы элиталы тұрғын үй кешенінде тұрады. Ол үйдің құны шамамен 115 миллион рубль - 731 млн теңге. 2022 жылдың ақпан айында Сабуров Мәскеу облысындағы «Новорижский» тұрғын үй кешенінен 1285 шаршы метрлік жер телімін сатып алған. Бағасы шамамен 12,2 миллион рубль. Ол жерде сәнді коттедж орналасқан, оның нарықтағы құны – 115 миллион рубльге жуық. Нұрлан әйелі және үш баласымен бірге сол үйде тұрады, бірақ ерлі-зайыптылар балаларын көпшілікке көрсетпеуді жөн көреді. Сондай-ақ Сабуровтың екі көлігі бар: 2018 жылғы G-Class (гелик), мемлекеттік нөмірінде SBR деген ерекше әріптер жазылған, шамамен 20 миллион рубль тұрады және 2021 жылғы Cadillac Escalade, бағасы – шамамен 11 миллион рубль. Нұрлан Сабуров 19 мамырда Шереметьево әуежайында ұсталды. Полицейлер комикті жолаушылар залында күтіп алып, оның миграциялық заңнаманы бұзғанын хабарлады. Комикке айыппұл салынды, оған Ресейден екі апта ішінде шығып, миграциялық заң ережелеріне сәйкес қайта кіру керектігі айтылды. Бұл мерзім маусым айының басында аяқталады.

Ұқсас материалдар

1 млрд теңге: Ресейде ұсталған әзілкеш Нұрлан Сабуровтың Мәскеуге жинаған байлығы тарап кетті · Todayinfo