10 миллион теңге дер кезінде бұғатталып, алаяқтар ақшаға қол жеткізе алмады.
10 млн теңге: Семейде алаяқтар зейнеткердің атына рәсімдеген несиені полиция бұғаттап үлгерді
Семейде алаяқтар зейнеткерді алдап, оның атына 10 млн теңге рәсімдеген, алайда полиция қаржыны бұғаттап үлгерді, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Семей тұрғыны енесінің телефон арқылы күмәнді адаммен сөйлесіп жатқанын байқап, дереу полицияға х

Семейде алаяқтар зейнеткерді алдап, оның атына 10 млн теңге рәсімдеген, алайда полиция қаржыны бұғаттап үлгерді, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Семей тұрғыны енесінің телефон арқылы күмәнді адаммен сөйлесіп жатқанын байқап, дереу полицияға хабар берген. Бейтаныс адам өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерді алдамақ болған.
Жағдайға жедел әрекет еткен ПД қызметкері Айдана Қозыбаева зейнеткермен байланысып, сабырмен түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Ол нағыз полицейлер ешқашан телефон арқылы ақша сұрамайтынын және банк шотына қатысты деректерді талап етпейтінін айтқан.
Алаяқпен болған бұл әңгіме бейнекамераға жазылды. Отбасының келісімімен видео #ЖүздерінЖаттапАл хэштегімен жарияланып, алдын алу мақсатында пайдаланылады.
Зейнеткердің келіні мен полицейдің қырағылығының арқасында тұрғынның атына рәсімделген 10 миллион теңге дер кезінде бұғатталып, алаяқтар ақшаға қол жеткізе алмады.
Ұқсас материалдар

Аймақ
«Qamqor sos»: в Алматинской области запущен первый в Казахстане цифровой пункт экстренной медицинской помощи
Айғаным Нариманова·

Аймақ
«Qamqor sos»: Қазақстандағы алғашқы цифрлық жедел медициналық көмек пункті Алматы облысында іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Флаг, Гимн и Герб: аким Алматинской области провел встречу с детьми
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Көк Ту, Елтаңба, Әнұран: Қонаевта балаларға тағылымды кездесу ұйымдастырылды
Айғаным Нариманова·