Todayinfo.kz
Ұлытау облысыБарлық жазбаларды қарау

«12,6 млрд теңге»: Ұлытау облысының әкімі Қытайда өткен форумда ірі инвесторлық жобаларға қол жеткізді

Сиань қаласында ҚР Бас консулдығының қолдауымен Ұлытау облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті. Жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу, өзаратүсіністік туралы меморандумдарға қол қою және екі жақтың стратегиялық серіктестігін нығайтуға

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
«12,6 млрд теңге»: Ұлытау облысының әкімі Қытайда өткен форумда ірі инвесторлық жобаларға қол жеткізді
Сиань қаласында ҚР Бас консулдығының қолдауымен Ұлытау облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті. Жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу, өзаратүсіністік туралы меморандумдарға қол қою және екі жақтың стратегиялық серіктестігін нығайтуға бағытталған. Іс-шараға Ұлытау облысының әкімі, мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған Ұлытау облысының делегациясы, сондай-ақ қытайлық және қазақстандық компаниялардан 100-ге жуық өкіл қатысты. Форум аясында Ұлытау облысының инвестициялық әлеуеті, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және өңірдің перспективалы инвестициялық жобалары таныстырылды. Өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, G2B және B2B форматтарында кездесулер өтті. Форум қорытындысы бойынша жалпы құны 12.5 миллиард теңгені құрайтын ынтымақтастық туралы 6 меморандумға қол қойылды. Құжат келесі бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды көздейді: Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларындағы тұрғын үйлерді қайта жаңғырту; металлургиялық шлактарды қайта өңдеу; сүт-тауар фермасын салу. Ұлытау облысының әкімі өңірдің жоғары инвестициялық әлеуетін және халықаралық ынтымақтастыққа ашықтығын атап өтті:
«Біз инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Бүгіннің өзінде бірқатар компания Ұлытау облысы аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын» — деді өңір басшысы.

Ұқсас материалдар

«12,6 млрд теңге»: Ұлытау облысының әкімі Қытайда өткен форумда ірі инвесторлық жобаларға қол жеткізді · Todayinfo