Todayinfo.kz
Әлем

«Атасының тапаншасымен келген»: мектепте 9 адамды өлтірген оқушының соңғы видеосы тарады

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында орналасқан Айсер Чалик атындағы орта мектепте болған атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Олардың сегізі – оқушы, біреуі – мұғалім. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
«Атасының тапаншасымен келген»: мектепте 9 адамды өлтірген оқушының соңғы видеосы тарады

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында орналасқан Айсер Чалик атындағы орта мектепте болған атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Олардың сегізі – оқушы, біреуі – мұғалім. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, тағы 13 адам жарақат алған. Олардың алтауының жағдайы ауыр. Бұған дейін өңір губернаторы Мүккеррем Үнлюэр жараланғандар саны 20 адамға жеткенін хабарлаған. Қазіргі таңда ақпарат нақтыланып жатыр.

Қайғылы оқиғаға себепкер болған – осы мектептің 8-сыныпта оқитын 13 жастағы оқушы. Ол да қаза тапқан, алайда оның нақты қалай көз жұмғаны әзірге белгісіз. Кейбір деректерде оны қауіпсіздік күштері жойғаны айтылса, енді бір мәліметтерде өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланады.

Оқушының әрекетінің нақты себебі әзірге анықталған жоқ, тергеу басталды.

Билік өкілдерінің мәліметінше, жасөспірім мектепке қаруды рюкзагына салып алып келген. Қару оның атасына тиесілі болуы мүмкін. Сонымен қатар оның жанынан бес бірлік қару мен жеті оқжатар табылған. Кей деректерде бұл қарулардың бұрынғы полиция қызметкері болған туысына тиесілі екені айтылып, оқиғадан кейін ол ұсталғаны хабарланды.

«Оқушы мектепке қарумен келіп, екі сыныпқа кіріп, ретсіз оқ жаудырған. Соның салдарынан адамдар қаза тауып, жарақат алды», – деді Кахраманмараш провинциясының губернаторы Мүккеррем Үнлюэр.

Оқиға кезінде мектеп маңында дүрбелең туындаған. Куәгерлердің айтуынша, оқ дауыстары өте қатты естілген. Оқиға орнынан түсірілген кадрларда мектепке жанталаса жеткен ата-аналар мен жедел жәрдем көліктері көрінеді.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Bashat.media.kg (@bashat.media.kg)

Ұқсас материалдар