Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

15 жастағы оқушы мұғалімін «жезөкшелер» тобына тіркеп , масқаралаған

Архангельск облысында 15 жастағы мектеп оқушысы алған төмен бағасы үшін кек алу мақсатында тарих пәні мұғалімінің атынан жалған аккаунт ашып, оны «эскорт қызметін көрсетеді» деп көрсеткен, бұл туралы shot телеграм арнасы жазды. Мұғалімнің айтуынша, оқушы бақылау жұмысына таза пар

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
15 жастағы оқушы мұғалімін «жезөкшелер» тобына тіркеп , масқаралаған

Архангельск облысында 15 жастағы мектеп оқушысы алған төмен бағасы үшін кек алу мақсатында тарих пәні мұғалімінің атынан жалған аккаунт ашып, оны «эскорт қызметін көрсетеді» деп көрсеткен, бұл туралы shot телеграм арнасы жазды.

Мұғалімнің айтуынша, оқушы бақылау жұмысына таза парақ өткізгені үшін «екілік» алған. Бұған ренжіген жасөспірім мұғалімнің әлеуметтік желідегі суреттерін пайдаланып, Telegram-да интимдік қызмет ұсынатын фейк арна жасаған.

Оқиға мұғалімнің кәсіби біліктілігін растайтын бірінші санатты алған күні белгілі болған.

Педагог полицияға арыз түсірген. Алайда оқушының жасы толмауына байланысты оны қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін емес. Көмекке мұқтаж жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссияда ол өз кінәсін толық мойындады.

Мұғалім осы мектепте екі жыл қызмет еткен. Оқиғадан кейін ол өз еркімен жұмыстан кетті.

Фото: Freepik

Ұқсас материалдар

15 жастағы оқушы мұғалімін «жезөкшелер» тобына тіркеп , масқаралаған · Todayinfo