2025 жылдың 1 сәуірінен бастап елімізде бірнеше маңызды өзгеріс күшіне енеді. Бұл білім беру, денсаулық сақтау және коммуналдық төлемдер салаларына қатысты жаңашылдықтарды қамтиды, деп хабарлайды Todayinfo. Бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады 1 сәуірден 31 тамызға дейін ата-
2025 жылдың 1 сәуірінен бастап елімізде бірнеше маңызды өзгеріс күшіне енеді. Бұл білім беру, денсаулық сақтау және коммуналдық төлемдер салаларына қатысты жаңашылдықтарды қамтиды, деп хабарлайды
Todayinfo.
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады
1 сәуірден 31 тамызға дейін ата-аналар балаларын бірінші сыныпқа тіркей алады. Өтініштер электронды үкімет порталы (eGov.kz) арқылы немесе қағаз түрінде қабылданады. Қажетті құжаттар тізімі:
- Ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
- №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- 026/у-3 баланың денсаулық паспорты;
- 3х4 өлшеміндегі екі фотосурет.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025-2026 оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала қабылданады. Лицейлер мен гимназияларға қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салынады, бұл барлық балаларға тең мүмкіндік бермек.
Электрондық еңбекке жарамсыздық парақтары енгізіледі
1 сәуірден бастап Қазақстанда қағаз түріндегі еңбекке жарамсыздық парақтары алынып тасталып, олардың орнына цифрлық нұсқалар қолданылады. Жаңа жүйе азаматтардың медициналық мекемелермен өзара әрекетін жеңілдетеді және құжаттарды қолдан жасау қаупін төмендетеді. Бұдан былай еңбекке жарамсыздық туралы мәліметтер автоматты түрде жұмыс берушіге жіберіледі.
Электр энергиясының тарифтері көтеріледі
Ақтөбе облысында 1 сәуірден бастап электр энергиясының тарифі қымбаттауы мүмкін. Қазіргі 34,64 теңге болатын 1 кВт/сағ құны 46 теңгеге дейін өсуі ықтимал. Мысалы, айына 172 кВт электр энергиясын тұтынатын болсаңыз, жарыққа кететін шығын шамамен 1 225 теңгеге артады. Бұл өзгеріс электр энергиясын сатып алу бағасының және оны жеткізуге кететін шығындардың өсуімен байланысты.
Сәуір айындағы кәсіби мерекелер мен атаулы күндер
- 6 сәуір (сәуірдің бірінші жексенбісі) – Геологтар күні
- 12 сәуір – Ғылыми қызметкерлер күні
- 15 сәуір – Ұлттық ғашықтар күні
- 21 сәуір – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні