2028 жылға дейін Ұлытау облысында 25 инвестициялық жоба пулы қалыптасады
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі Биыл Ұлытауда жалпы сомасы 138 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба бастау алды. Оның ішінде қазіргі таңда мұнай базасының, жел электр станциясының және респиратор шығару зауытының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агент

Фото: Ұлытау облысының әкімдігі
Биыл Ұлытауда жалпы сомасы 138 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба бастау алды. Оның ішінде қазіргі таңда мұнай базасының, жел электр станциясының және респиратор шығару зауытының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
2028 жылға дейін жалпы құны 920 млрд теңгені құрайтын 25 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылып, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
Экономиканы әртараптандыруды жеделдету мақсатында Сәтбаев қаласында индустриялық аймақ құрылды. Аталған аймақ аясында жалпы құны 5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба пысықталуда, нәтижесінде 100 жұмыс орны құрылмақ. Ағымдағы жылы инфрақұрылым тартылу жұмыстары басталып, келесі жылы аяқталатын болады.
Жоспарланған жобалардың іске асырылуы шағын және орта өндірістер белдеуін қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сауда-көлік байланысын күшейтуге және қаланың бір бағыттағы дамуынан арылып, экономикасын әртараптандыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ өңірде демеушілік қаражат есебінен түрлі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Оларды қолға алуға «Қазақмыс» корпорациясы, «Казцинк» өнеркәсібі, «Qarmet» АҚ сынды ірі өнеркәсіп компаниялары және «Қазақстан халқына» және «Болат Өтемұратов» қоры қолдау білдіріп отыр. Олардың жалпы құны - 50,3 млрд теңгені құрайды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·