217 мың оқушы аттестат алады: Биылғы оқу жылы ерте аяқталатын болды
Қазақстанда 3,9 млн оқушы үшін 2024–2025 оқу жылы мәресіне жетіп келеді. 217 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады, ал 23 мамырда «Білімім — Отаныма» сынып сағаты өтеді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2024–2025 оқу жылында ел

Қазақстанда 3,9 млн оқушы үшін 2024–2025 оқу жылы мәресіне жетіп келеді. 217 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады, ал 23 мамырда «Білімім — Отаныма» сынып сағаты өтеді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2024–2025 оқу жылында еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы білім алды. Олардың ішінде 217 мыңнан аса 11-сынып түлегі үшін бұл жыл – мектеппен қоштасу кезеңі.
Жыл қорытындысына орай, 23 мамыр күні барлық мектепте «Білімім — Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл шарада:
Жыл бойғы жетістіктер мен маңызды сәттер еске алынады;
Мұғалімдер мен оқушылар өзара пікір алмасады;
Отанға деген сүйіспеншілік, білімге құштарлық және азаматтық жауапкершілік тақырыптары көтерілмек.
11-сынып оқушыларына арналған соңғы қоңырау салтанаты 23 немесе 24 мамырда өткізіледі. Бұл күнді нақты белгілеу құқығы жергілікті мектеп әкімшіліктеріне берілген. Министрлік бұл шешімнің оқу жылының ресми аяқталуы жексенбіге сәйкес келуіне байланысты қабылданғанын мәлімдеді.
Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кезеңінде қауіпсіздік пен тәртіпке ерекше көңіл бөлініп отырғанын хабарлады. Осыған орай, келесі іс-шараларға рұқсат етілмейді:
Мектеп қабырғасынан тыс кештер;
Автокөлікпен шерулер;
Қаржылай жинау және басқа да ресми емес шаралар.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·