ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалған. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің бас кардиохирургы Юрий Пьянның айтуынша, бұл шұғыл емес, жоспарлы түрдегі ем шарасы екен. 

Дәрігердің сөзінше, экс-президентке ота былтыр жоспарланған. Алайда тұңғыш президенттің жұмыс кестесіне байланысты операция жасау уақыты өзгерген.

Екі жарым сағатқа созылған ота сәтті өткен. Қазір Назарбаевтың жағдайы қалыпты. Егер өзін жақсы сезініп жатса, жақын арада ауруханадан шығарылады. 

Еске салайық, экс-президенттің бірінші әйелі де ұзақ уақыт емделіп, дәрігерлердің назарында болды.