Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«25 жыл ақшамызды енеміз ұстады» – Мирас пен Құралайдың отбасы құпиясы

Белгілі әншілер жұбы Мирас пен Құралай отбасылық өмірдің 25 жылында жинаған тәжірибесімен бөлісіп, ата-енемен бірге тұру, бюджет басқару, отбасылық құрмет пен сенім туралы шынайы сұхбат берді. Жұптың бұл әңгімесі әлеуметтік желіде кеңінен таралып, жылы пікірлерге ие болды,деп хаб

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«25 жыл ақшамызды енеміз ұстады» – Мирас пен Құралайдың отбасы құпиясы
Белгілі әншілер жұбы Мирас пен Құралай отбасылық өмірдің 25 жылында жинаған тәжірибесімен бөлісіп, ата-енемен бірге тұру, бюджет басқару, отбасылық құрмет пен сенім туралы шынайы сұхбат берді. Жұптың бұл әңгімесі әлеуметтік желіде кеңінен таралып, жылы пікірлерге ие болды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Құралайдың айтуынша, олар 25 жыл бойы ата-енесімен бірге тұрып келе жатыр. Осы жылдар ішінде отбасының табысын енесі басқарған.
«Анам (енем) мен ұстайын деп айтқан жоқ, біз өзіміз апарып отырдық. Ақша берекелі болады ғой. Ол жақсы ұстайды. "Кеше ғана алдың, тағы не сұрап тұрсың?" деп айтып отыратын. Қазір енді бізге табыстады. "Мен тірі кезімде өздерің ұстауға үйреніңдер", – деді», – деп бөлісті Мирас.
Бүгінде енесінің жасы – 73-те. Ол өмірлік тәжірибесін келіні мен ұлына үйретіп, жауапкершілік пен сенімділікке тәрбиелеп келеді. Құралай өзінің келіндік ұстанымы мен отбасындағы орны туралы былай деді:
«Келін сол үйге өзі келеді. Ешкім күштемейді. Ол берекені, тыныштықты, бақытты сақтап отыру үшін келеді. Сондықтан әр сөзге мән беріп, тырнақ астынан кір іздемеу керек. Мен де осы шаңыраққа күліп келіп, қызындай болып отырмын».
Сонымен қатар, ол 10 жыл бойы Мирастың ағасы мен жеңгесімен бір шаңырақта бірге тұрып, үлкен әулет ішінде жарасымды өмір сүргендерін де атап өтті. Желі қолданушылары Мирас пен Құралайдың отбасылық әңгімесіне ерекше ықыласпен қарап: «Қазақы тәрбиенің керемет көрінісі», «Берекелі үйдің белгісі», «Шынайы үлгі болатын отбасы», – деген сынды пікірлер қалдырды.    

Ұқсас материалдар

«25 жыл ақшамызды енеміз ұстады» – Мирас пен Құралайдың отбасы құпиясы · Todayinfo