Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

27 мамырда Ресей Президенті Владимир Путин Астанаға келеді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
27 мамырда Ресей Президенті Владимир Путин Астанаға келеді
📷 Ақорда

27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Ұқсас материалдар