Алматыда «Айс Мұратова» деген атпен танымал болған Арайлым Қожамұратоваға қатысты алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шығып, ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оның қылмысқа қатысты деп танылған 12 туысы 6 жыл мен 8 жыл аралығындағы мерзімге сотталды. Сот шешіміне сәйкес, Арайлым жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады және барлық сотталушының алаяқтық жолмен жинаған мүліктері тәркіленеді. Тергеу мәліметтері бойынша, блогер Қытайдан арзан тауар әкелемін деп жұртты алдап, 300-ге жуық адамнан 4 миллиард 600 миллион теңге жинап алған. Алайда, зардап шеккендер шығарылған үкіммен келіспей отыр, өйткені ұрланған қаражаттың әлі күнге дейін бір де бір тиыны иелеріне қайтарылмаған. Жәбірленушілер миллиондаған шығынды ескере отырып, бұл жазаны тым жеңіл деп есептейді.
300 адамды алдап соққан блогер Айс Мұратова 12 жылға сотталды

Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·