Аптап ыстыққа байланысты Қарақалпақстанның бірқатар қаласы мен аудандарында мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Қарақалпақстанның Мектепке дейінгі және орта білім беру министрлігінің мәліметінше, бұл шешім Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық комитетінің ұсынысымен қабылданды.

Оған сай, енді мына шаһарлар мен аудандарда балабақшалар уақытша жұмыс істемейді: Нүкіс қаласы мен Қожелі ауданында – 13-18 шілде аралығында; Әмудария ауданында – 13-15 шілде аралығында; Беруни, Тақиятас, Шоманай, Мойнақ, Қанлыкөл және Төрткүл аудандарында – 13-17 шілде аралығында.

Uzhydromet болжамына сай, 13-17 шілде аралығында Өзбекстанда аптап ыстық жүреді. Республика аумағының басым бөлігінде ауа температурасы +43 градусқа, ал елдің солтүстік, оңтүстік және шөлейт аймақтарында +46 градусқа дейін көтеріледі.

Дереккөз: 24.kz