Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«600 мың доллар салдық, енді бізді қуып жатыр»: Елордалық кәсіпкерлер Президентке үндеу жолдады (ВИДЕО)

Астанадағы «Abu Dhabi Plaza» сауда орталығында орын жалдаған кәсіпкерлер президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды todayinfo.kz Олардың айтуынша, арендатор тарапынан қысым көрсетіліп, бизнесін тастауға мәжбүр болып отыр. «Сіз кәсіпкерлікті қорғауды Үкімет

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«600 мың доллар салдық, енді бізді қуып жатыр»: Елордалық кәсіпкерлер Президентке үндеу жолдады (ВИДЕО)
Астанадағы «Abu Dhabi Plaza» сауда орталығында орын жалдаған кәсіпкерлер президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды todayinfo.kz Олардың айтуынша, арендатор тарапынан қысым көрсетіліп, бизнесін тастауға мәжбүр болып отыр.
«Сіз кәсіпкерлікті қорғауды Үкіметтің стратегиялық бағыты деп жариялағансыз. Біздің мәселемізге араласып, әділ шешім қабылдауыңызды сұраймыз», – деді Expresso кофеханасының өкілі.
Бір кәсіпкердің сөзінше, бизнеске 600 мың доллардан астам қаржы салынған, алайда электр қуатын өшіріп, келушілерді кіргізбеу арқылы компанияны шығынға батырып отыр. Тағы бір кәсіпкер әйел 8 жылға жалға алған кеңселерін небәрі бір жылдан кейін келісімшартты бұзып, ақшаны қайтармай қойды деп шағымданды. Арыз иелері шетелдік инвестор отандық кәсіпкерлердің құқығын бұзып отыр деп санайды. Олар мемлекет басшысынан жағдайға араласуды талап етті.

Ұқсас материалдар

«600 мың доллар салдық, енді бізді қуып жатыр»: Елордалық кәсіпкерлер Президентке үндеу жолдады (ВИДЕО) · Todayinfo