Todayinfo.kz
Жаңалықтар

Алматыдағы «Барыс-4» базарында 9 делдал анықталды

Алматыдағы ірі көтерме сауда орны «Барыс-4» базарында тексеру барысында 9 делдал анықталды. Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны негізсіз көтерген, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Алматыдағы «Барыс-4» базарында 9 делдал анықталды
📷 Дереккөз: inbusiness.kz

Алматыдағы ең ірі көтерме сауда орны «Барыс-4» базарында жүргізілген мониторинг барысында бірнеше делдал анықталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Қалалық сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері базардағы көтерме саудагерлерді тексерген. Нәтижесінде 9 делдал анықталды. Бұдан бөлек, кәсіпкерлер мемлекеттік кірістер департаментінің тексеруінен өтуде.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің 15 пайыздан аспауы және тауарлардың нақты бағасы көрсетілген баға белгілерімен сатылуы ерекше назарға алынды», — делінген министрлік хабарламасында.

Ұқсас материалдар