Абай облысында балалар қазасына себепкер болған жүргізушіге үкім шықты
Абай облысында төрт баланы қағып кеткен жүргізушіге 9 жыл түрме жазасы тағайындалды.

Абай облысындағы Бестерек ауылында орын алған қайғылы жол апатына қатысты сот үкімі шықты. Ресми мәліметке сәйкес, 55 жастағы Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға кезінде эпилепсия ұстамасына ұшыраған.
Бұл апат 2023 жылдың 19 тамызында тіркелген. Есінен айырылған жүргізуші үйдің қақпасы алдында тұрған балаларды қағып кеткен. Нәтижесінде төрт бала сол жерде көз жұмып, тағы екі бала ауыр жарақат алған.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу барысында ер адам эпилепсия диагнозына қарамастан бірнеше рет көлік жүргізгені анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындап, зардап шеккен тарапқа жартылай өтемақы төлеген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстандық Ләззат Алшинова беделді «The Women Noble Prize 2026» сыйлығының лауреаты атанды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Айгуль Забирова: «Выборы в Курултай станут началом работы новой, более адаптивной парламентской модели»
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Аида Балаева Азамат Омаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Осужденный по делу Салтанат Нукеновой брат Бишимбаева освобожден по амнистии
Жаннұр Еділбаева·