Todayinfo.kz
Аймақ

Абай облысында үш оқушы су арналарындағы қоқысты тазалайтын робот ойлап тапқан

Фото: оқу-ағарту министрлігі Абай облысы Аягөз ауданының қазақ мектеп-лицейінде білім алатын Ерсұлтан Жұматай, Әмірхан Сапиев пен Әкежан Берік су арналарындағы қоқысты автоматты түрде тазартатын ерекше робот жасап шықты, деп хабарлайды Todayinfo . Оқу-ағарту министрлігінің мәліме

Авторы Әмірболат Құсайынұлы··1 мин оқу
Абай облысында үш оқушы су арналарындағы қоқысты тазалайтын робот ойлап тапқан
Фото: оқу-ағарту министрлігі Абай облысы Аягөз ауданының қазақ мектеп-лицейінде білім алатын Ерсұлтан Жұматай, Әмірхан Сапиев пен Әкежан Берік су арналарындағы қоқысты автоматты түрде тазартатын ерекше робот жасап шықты, деп хабарлайды Todayinfo. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, балалар экология, инженерия және робототехника сабақтарында алған білімдерін осылайша паш еткен.
«Жалын» деп аталған робот тұрмыстық қалдықтар мен жапырақтарды жинай отырып, су арналарын тазалайды», - деп жазады министрлік.
Оқушылардың өді болса осы робот туған ауылындағы тазалықты сақтауға үлес қосқылары келетінін айтқан.

Ұқсас материалдар