Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Адамдарды сиырмен салыстырған – «ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды

Өзін діни «ұстаз» ретінде таныстыратын Н.Смағұлов Instagram әлеуметтік желісінде азаматтарды қорлау белгілері бар пікірлер айтылған видеоматериалдарды жариялаған, атап айтқанда оларды «сиырлармен» салыстырған. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Адамдарды сиырмен салыстырған – «ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды

Өзін діни «ұстаз» ретінде таныстыратын Н.Смағұлов Instagram әлеуметтік желісінде азаматтарды қорлау белгілері бар пікірлер айтылған видеоматериалдарды жариялаған, атап айтқанда оларды «сиырлармен» салыстырған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама жасады.

Сот шешімімен Н.Смағұлов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 108 125 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Полиция Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ басқа азаматтардың сенімдері мен дүниетанымына құрметпен қарау қажеттігін еске салады.

Фото: instagram/nurzhansmagul_ustaz

Ұқсас материалдар

Адамдарды сиырмен салыстырған – «ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды · Todayinfo