Әл-Фарабидегі қанды апат: Полиция департаментің ірі шенеуніктері қызметтен қуылып жатыр
Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы адам өліміне әкелген жол апатынан кейін қалалық полицияда кадрлық өзгерістер басталды, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Ержан Ұзабаев бастаған лауазымды қызмет иелері жұмыстан қуы

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы адам өліміне әкелген жол апатынан кейін қалалық полицияда кадрлық өзгерістер басталды, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Ержан Ұзабаев бастаған лауазымды қызмет иелері жұмыстан қуылған.
Сондай-ақ, әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев қызметінен кеткені белгілі болды. Бұдан бөлек, арнайы батальонның үш взвод командирі және патрульдік полиция полкінің бір рота командирі де лауазымынан айырылған.
Еске салайық, бұған дейін заңгер Молдахан Әділетхан әл-Фараби даңғылындағы қайғылы жол апатының мән-жайын жариялап, жарысқа қатысы болуы мүмкін тұлғалар арасында жоғары лауазымды полиция қызметкерінің аты аталған болатын.
Ресми органдар әзірге бұл кадрлық өзгерістерге қатысты толық түсініктеме берген жоқ. Алайда оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, құқық қорғау жүйесіне қатысты сұрақтарды күшейтті.
Қазіргі уақытта апат бойынша тексеру амалдары жалғасып жатыр.
Ұқсас материалдар

Өзекті жазбалар
Штормовое предупреждение объявлено в ряде регионов
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·