Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Аида Балаева Халықаралық отбасы күнімен құттықтап, отбасы құндылықтары мен мемлекеттік қолдаулар туралы айтты

Халықаралық отбасы күніне орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды шын жүректен құттықтады. Министр бұл күннің отбасылық құндылықтарды дәріптейтін маңызды мереке екенін атап өтті,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. "Бұл жүрекке жылы мереке оты

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Аида Балаева Халықаралық отбасы күнімен құттықтап, отбасы құндылықтары мен мемлекеттік қолдаулар туралы айтты
Халықаралық отбасы күніне орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды шын жүректен құттықтады. Министр бұл күннің отбасылық құндылықтарды дәріптейтін маңызды мереке екенін атап өтті,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
"Бұл жүрекке жылы мереке отыз жылдан астам уақыт бойы отбасы атты ең қастерлі құндылықты еске салып, насихат етіп келеді", – деді министр.
Аида Балаева елімізде 6,2 миллионнан астам отбасы өмір сүріп жатқанын айтып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға назар аударды. Оның айтуынша, ана мен баланы қорғау, жастарды қолдау, отбасылық құндылықтарды нығайту – Қазақстанның тұрақты дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі.
"Әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға бағытталған заңнамалар жетілдірілуде. Әлеуметтік жәрдемақылар мен бала күтіміне арналған төлемдер нақты қолдау ретінде көрініс тауып жатыр", – деді ол.
Министр бүгінде елімізде 112 Отбасы қолдау орталығы жұмыс істейтінін, олар азаматтарға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіп отырғанын да атап өтті. Аида Балаева отбасының әрбір адам өміріндегі маңызын ерекше атап өтті: "Отбасы — бізді жақсы көретін, түсінетін, қабылдайтын аяулы мекен. Отбасы берік болса – мемлекет те қуатты болады." Министр отбасылық дәстүрді сақтап, тәрбиелі ұрпақ өсіріп отырған ата-аналарға алғыс білдіріп, әрбір шаңыраққа береке, денсаулық және шаттық тіледі. Бүгінгі күннің тағы бір маңызды жаңалығы – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдаудың басталуы. Министр бұл байқаудың отбасылық құндылықтарды дәріптеуде үлкен маңызы бар екенін атап өтті. "Қазақстанның әр өңірінде өзгелерге үлгі болатын, тағылымды тарихы бар отбасылар бар екеніне сенімдімін", – деп, министр қазақстандықтарды байқауға қатысуға шақырды. Сондай-ақ, Аида Балаева #отбасыкүні2025 және #деньсемьи2025 хештегтерімен өтетін онлайн-челленджге қатысуға үндеді. Азаматтардан отбасылық фотолар, өмірлік оқиғалар мен дәстүрлермен бөлісуді сұрады.      

Ұқсас материалдар

Аида Балаева Халықаралық отбасы күнімен құттықтап, отбасы құндылықтары мен мемлекеттік қолдаулар туралы айтты · Todayinfo