Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алаяқтарға алданған Нұрғали Нүсіпжановқа пәтер берілді

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әйгілі әнші Нұрғали Нүсіпжанов астаналық кәсіпкерден екі бөлмелі пәтер сыйға алды. Бұл қуанышты сәт Досымжан Таңатаровтың концертінде орын алды. Жиналған көрермен зал толығымен тік тұрып, қошемет көрсетті, деп жазады Todayinfo ақпараттық агентт

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Алаяқтарға алданған Нұрғали Нүсіпжановқа пәтер берілді
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әйгілі әнші Нұрғали Нүсіпжанов астаналық кәсіпкерден екі бөлмелі пәтер сыйға алды. Бұл қуанышты сәт Досымжан Таңатаровтың концертінде орын алды. Жиналған көрермен зал толығымен тік тұрып, қошемет көрсетті, деп жазады Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Біздің елдің жігіттері — жігіттің төресі. Досымжан Таңатаровтың концертінде Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Зал тік тұрып қол соқты», — деп жазды журналист Айнұр Омар.
Концертте дәстүрге сай, Нұрғали Нүсіпжанов өзінің шапанын Досымжан Таңатаровқа ырымдап жапса, Досымжан өз кезегінде пәтер сыйлаған кәсіпкерге үстіндегі шапанын кигізіп, қазақы алғысын білдірді. Бұл көрініс ұлттық салт-дәстүрдің әдемі үлгісі ретінде қабылданды. Еске салсақ, 2023 жылы әнші Роза Әлқожа өнердегі әріптесі Нұрғали Нүсіпжановтың алаяқтарға алданып, үйсіз қалғанын әлеуметтік желіде жария еткен болатын. Бұл жағдай қоғамда қызу талқыға түсіп, көпшіліктің алаңдаушылығын туғызған еді.

Ұқсас материалдар

Алаяқтарға алданған Нұрғали Нүсіпжановқа пәтер берілді · Todayinfo