Алдын ала мәлімет бойынша, 15 жастағы жасөспірім жардан құлап, аяғын зақымдаған. Куәгерлер құтқарушылардан көмек сұраған.
Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Барыс» республикалық құтқару қызметінің қызметкерлері Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметімен бірлесіп жедел жетті.
Пансионат аймағына жеткеннен кейін олар жаяу жүріп, таулы аймақпен көтерілуге шамамен 2,5 сағат уақыт жұмсады. Құтқарушылар зардап шеккен жасөспірімді тауып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, эвакуациялауды бастады.
Жасөспірімді төменге түсіріп, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.




