Алматы облысында 45 гектар аумақ тазартылып, 5 мыңнан астам ағаш егілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматы облысында жалпыұлттық сенбілік өтті. Тазалық шарасына 30 мыңға жуық адам қатысып, 12 тонна қоқыс шығарылды. 45 гектар аумақ тазартылып, 5640 түп ағаш отырғызылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматы облысында жалпыұлттық сенбілік өтті. Тазалық шарасына 30 мыңға жуық адам қатысып, 12 тонна қоқыс шығарылды. 45 гектар аумақ тазартылып, 5640 түп ағаш отырғызылды.
Осы күні Алматы облысының орталығында ағаш отырғызу бойынша ауқымды акция бастау алды. Мыңнан астам адам қатысқан игі шара Қонаев қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Базарбай Оралбаевтың ақ батасымен басталды. Одан кейін сөз алған Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы мұның тек ағаш отырғызу күні ғана емес, туған жерге деген сүйіспеншіліктің, елге деген жанашырлықтың және келер ұрпақ алдындағы азаматтық парызымыздың жарқын көрінісі екенін айтты.
Сенбілікке департаменттер мен басқармалардың қызметкерлері, облыстық мәслихат депутаттары, ҚХА өкілдері, еңбек ардагерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, жастар, еріктілер бір кісідей атсалысып, Сейфулин көшесінің бойына қарағай мен көктерек көшеттерін отырғызды.
Алматы облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жане абаттандыру баскармасының мәліметіне сүйенсек, алдағы уақытта бұл игі бастама жалғасын тауып, Қонаев қаласында 20 000 түп ағаш отырғызу жоспарлануда. Соның ішінде Сейфуллин көшесі бойына 3 мың түп тал отырғызу басталды.
Аталған бастамаға қолдау көрсету мақсатында барлық аудан мен Алатау қаласының аумағында жасыл желектерді отырғызу және санитарлық тазалық жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Ұқсас материалдар

Алматы облысы
Алматы облысы мен Қытайдың Цзянсу провинциясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Айдар Керім·

Алматы облысы
Райымбек ауданының 90 жылдығына тарту: биыл 156 отбасы баспаналы болуы мүмкін
Жаннұр Еділбаева·

Алматы облысы
В Алматинской области впервые посеяли лён
Жаннұр Еділбаева·

Алматы облысы
Алматы облысында алғаш рет кендір дақылы егілді
Жаннұр Еділбаева·