Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматыда жарық сөндіріледі: төрт күндік кесте

Алматы қаласында 4-8 мамыр аралығында электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты көптеген мекенжайда уақытша электр жарығы өшірілуі мүмкін.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Алматыда жарық сөндіріледі: төрт күндік кесте
📷 Дереккөз: orda.kz

Оңтүстік астанада 4-8 мамыр аралығында электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. АЖК баспасөз қызметі көптеген мекенжайда уақытша электр жарығының өшірілуі мүмкін екенін ескертті.

Жарық өшіру уақыты таңғы сағат 8:00-ден кешкі 17:00-ге дейін көрсетілген. Жұмыстар қала мен облыстың әртүрлі аудандарын қамтиды.

Жарияланған кестеде орталық көшелер, тұрғын үйлер және әлеуметтік нысандар, соның ішінде мектептер, балабақшалар және басқа да мекемелер бар. Толық кестемен АЖК ресми сайтында танысуға болады.

Бұған дейін Алматы мен Алматы облысында 27-30 сәуір аралығында да электр жарығы сөндірілген болатын.

Ұқсас материалдар