Алматыда "Бақорда" сауда орталығы алдында жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт етті
Фото: Zakon.kz 6 қаңтарда Алматыдағы Рысқұлов даңғылында, "Бақорда" сауда орталығының қарама-қарсысында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Шығыс бағытта келе жатқан Nissan Cefiro көлігі кенеттен жолға атып шыққан ер адамды қағып кетті. Жүргізуші

Фото: Zakon.kz
6 қаңтарда Алматыдағы Рысқұлов даңғылында, "Бақорда" сауда орталығының қарама-қарсысында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Шығыс бағытта келе жатқан Nissan Cefiro көлігі кенеттен жолға атып шыққан ер адамды қағып кетті.
Жүргізушінің айтуынша, ол шамамен сағатына 50 км жылдамдықпен келе жатқан. Ер адамға соққы салдарынан ауыр ми жарақаты келтірілген. Зардап шеккен адам дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырды.
Марқұмның жеке басы анықталды, ол 1981 жылы туған ер адам. Жол полициясы қызметкерлерінің айтуынша, марқұм рұқсат етілмеген жерден жолды кескен, дегенмен апат орнынан небәрі 100 метр қашықтықта жаяу жүргіншілер өткелі болған.
Ұқсас материалдар

Оқиғалар
Павлодарда ер адам дәрігерлерге пышақпен шабуыл жасап, жедел жәрдем көлігін талқандады
Айдар Керім·

Оқиғалар
Үш құрдастың ажалы: БҚО-да мектеп түлектері суға батып, көз жұмды
Айдар Керім·

Оқиғалар
Жол апатына түскен директор Ақмоншақ Нұртазаның көз жасы көл болды
Айдар Керім·

Оқиғалар
«300-ге жуық адам зардап шеккен»: Айгүл Иманбаева мен Жанар Айжанованың басы дауға қалды
Айдар Керім·