Алматыда оқушыларға жол саласы мамандықтарының маңызы түсіндірілді
Алматы қаласында мектеп оқушыларын болашақ мамандық таңдауға бағыттау мақсатында кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті. Жол саласының маңызы мен болашақтағы мүмкіндіктері туралы ақпарат алған жасөспірімдер сала мамандарымен еркін пікір алмасты. Үстіміздегі жылдың 17 наурызында Жол а

Алматы қаласында мектеп оқушыларын болашақ мамандық таңдауға бағыттау мақсатында кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті. Жол саласының маңызы мен болашақтағы мүмкіндіктері туралы ақпарат алған жасөспірімдер сала мамандарымен еркін пікір алмасты.
Үстіміздегі жылдың 17 наурызында Жол активтері сапасының ұлттық орталығы (ЖАҰСО) Алматы қалалық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №149 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – өскелең ұрпаққа болашақта сұранысқа ие мамандықтарды таныстыру және жол саласы мен инфрақұрылым құрылысы бағытындағы кәсіптерге қызығушылығын арттыру болды.
Шара барысында мамандар автомобиль жолдарының ел экономикасындағы рөлі мен стратегиялық маңызы туралы кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық транзиттік дәліздердің жүк және жолаушылар тасымалындағы тиімділігі, елдің экономикалық дамуына қосатын үлесі туралы айтылды.
Кездесу кезінде Жол активтері сапасының ұлттық орталығының қызметі де таныстырылып, жол саласындағы ғылыми-зерттеу, өндірістік және құқықтық бағыттар жөнінде мәлімет берілді. Оқушылар сала жұмысына қызығушылық танытып, мамандарға түрлі сұрақтар қойды.
Мамандар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап беріліп, оқушыларға Алматы қаласында орналасқан жоғары оқу орындары мен кәсіби колледждер, сондай-ақ жол саласына қатысты мамандықтар туралы ақпарат ұсынылды.
Пікір алмасу форматында өткен кездесудің соңында мектеп әкімшілігі мен ЖАҰСО мамандары осындай кәсіптік бағдар беру шараларын алдағы уақытта да бірлесіп жалғастыру жөнінде уағдаласты.
Ұқсас материалдар

Алматы
В Алматы открылся второй экохаб
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматыда екінші экохаб ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
10 бағыт – бір тәсіл: Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында балаларға арналған құзыреттілік орталық ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы жүзеге асырылады
Жаннұр Еділбаева·