Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күдіктіні ауданда жиі көреді. Кейбір азаматтар оның психикалық ауруы болуы мүмкін деген болжам жасаған. Әлеуметтік желідегі мәлімет бойынша, 26 жастағы күдіктінің бұрын адам өлтіріп, түрмеге түскені айтылып жатыр. Полиция бұл іс бойынша «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалғанын атап өтті.«Бүгін 66 жастағы анама белгісіз жігіт шабуыл жасады. Қазір анамның жағдайы ауыр, қатты қиналып жатыр. Бұл адам жазасыз қалмауы керек, видеоны таратуға көмектесіңіздер. Бүгін менің анамның басына түскен жағдай кез келген адамның басына түсуі мүмкін», - деп жазды ол.
Алматыда жас жігіт зейнеткер әйелді аялдамада аяусыз ұрып, теуіп кеткен
Алматыдағы Бостандық ауданындағы аялдамада зейнеткер әйелді ер адам аямай ұрып-соғып, басынан тепкілеген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оның айуандық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбадан көрінгендей, егде жастағы әйел аялдаманың орындығына

Алматыдағы Бостандық ауданындағы аялдамада зейнеткер әйелді ер адам аямай ұрып-соғып, басынан тепкілеген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Оның айуандық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбадан көрінгендей, егде жастағы әйел аялдаманың орындығына сөмкелерін қойып, автобус күтіп тұрған. Сол сәтте қасында тұрған жас жігіт айналасында адамдардың жоқтығын пайдаланып, кенеттен әйелге тап берген. Ол зейнеткерді жерге құлатып, соққының астына алған. Жәбірленуші мен қаскөйдің арасында ешқандай сөзге келу немесе жанжал болмағаны байқалады.
Жапа шеккен әйелдің қызы әлеуметтік желі арқылы жұртшылықтан көмек сұрап, видеоны жариялады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Танымал журналист Мемлекет басшысының жетістіктерін атап өтті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты бірінші сот отырысы кейінге қалдырылды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Добывали песок со дна Тобола на 719 млн тенге: дело передали в суд
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Видео в Instagram обошлось блогеру из Актау в 400 тысяч тенге
Жаннұр Еділбаева·