Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Америкалық отбасы 20 жыл бұрын асырап алған қазақ қыздары туған еліне оралды

Қазақстандық қыздарды асырап алған америкалық отбасының мүшелері Астанаға ұшып келді. Америкалық азаматша Шэрон Коллинс 2005 жылы бес қазақ қызын – Зарина, Индира, Эльвира, Сүйкімді және Найляны бауырына басып, бүгінде солардан тараған 15 немерені тәрбиелеп отыр,деп хабарлайды To

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Америкалық отбасы 20 жыл бұрын асырап алған қазақ қыздары туған еліне оралды
Қазақстандық қыздарды асырап алған америкалық отбасының мүшелері Астанаға ұшып келді. Америкалық азаматша Шэрон Коллинс 2005 жылы бес қазақ қызын – Зарина, Индира, Эльвира, Сүйкімді және Найляны бауырына басып, бүгінде солардан тараған 15 немерені тәрбиелеп отыр,деп хабарлайды Todayinfo. Асырап алынған қыздардың бірі – Сүйкімді Коллинс. Ол 4 жасында балалар үйіне тапсырылып, 5 жылдан соң АҚШ-қа асырап алынған. Сүйкімді 20 жылдан кейін алғаш рет туған әпкесімен кездесті. «Мен қатты толқып тұрмын. Әпкемді көргеніме өте қуаныштымын. Қазақстан – менің елім екенін біліп өстім. Сан-Диегодағы дүкендерде бауырсақ секілді қазақ тағамдарын көргенде, олар туралы интернеттен іздейтінмін. Еліме, бауырыма деген махаббатымды сөзбен жеткізе алмаймын», – деді Сүйкімді Коллинс. Сүйкімді – гимнастикадан алты әлем чемпионатына қатысып, АҚШ туын биікке көтерген спортшы. Америкалық ана Шэрон Коллинс бастапқыда үш баланы ғана асырап алғысы келген. Бірақ алғашқы үміткер отбасы бас тартқан соң, ол жолдасымен бірге бес қызды бірдей қамқорлығына алған.
«Құжаттарда қиындықтар болды. Қазақстанға келгенде әртүрлі отбасылардың екі қызы бізді мейіріммен қарсы алды. Сол сәтте біз бес балаға ата-ана бола аламыз деп шештік. Өкінген емеспіз. Балаларымды көлік жүргізіп, адал еңбекпен асырап, мейірім төгіп өсірдік. 40 жасымда әже атандым», – дейді ол.
Журналист Гүлмира Дайрабай 4 жыл бұрын Калифорнияда жүргенде АҚШ-та тұрып жатқан 25 қазақ баласын іздеп тапқан. Ол олардың жағдайын біліп, туған елмен байланысты қайта орнатуға септігін тигізді. «Олар не үшін кетті? Қазір қалай өмір сүріп жатыр? 20 жыл өтті. Бұл – үлкен жеңіс. Шетелге кеткен балалардың елге келуі – тамырдан ажырамағанын көрсетеді», – дейді ол. Дереккөз: "Хабар" арнасы  

Ұқсас материалдар

Америкалық отбасы 20 жыл бұрын асырап алған қазақ қыздары туған еліне оралды · Todayinfo