Ақмола облысында бұрынғы сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Ақмола облысында бұрынғы сыныптасына пышақпен шабуыл жасады деген күдікпен жас жігіт ұсталды. Полиция мәліметінше, 24 сәуір күні Макинск қаласындағы медициналық мекемеге 18 жастағы жергілікті тұрғын пышақ жарақаттарымен жеткізілген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кү
Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу

Ақмола облысында бұрынғы сыныптасына пышақпен шабуыл жасады деген күдікпен жас жігіт ұсталды.
Полиция мәліметінше, 24 сәуір күні Макинск қаласындағы медициналық мекемеге 18 жастағы жергілікті тұрғын пышақ жарақаттарымен жеткізілген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екені хабарланды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, оқиға стадионда волейбол ойыны кезінде болған. Бетперде таққан жас жігіт келіп, 11-сынып оқушысының бетіне бұрыш газы сеуіп, кейін оны мойны мен іш тұсынан бірнеше рет пышақтаған. Осыдан соң ол оқиға орнынан кетіп қалған.
Фото: полиция
Ұқсас материалдар

Басты тақырып
Борышкерлерге жаңа мүмкіндік: Әділет министрлігі жеке сот орындаушыларға тосқауыл қоймақ
Әмірболат Құсайынұлы·

Басты тақырып
2026 жылғы 24 сәуірге арналған гороскоп: астрологтар жақсы күн уәде етеді
Әмірболат Құсайынұлы·

Басты тақырып
Несиелерді есептен шығару туралы аңыздар – банктер қандай қарыздарды шынымен «кешіре» алады
Жаннұр Еділбаева·

Басты тақырып
Алматыдан 230 мың доллармен жоғалған бухгалтер Грекиядан табылды
Жаннұр Еділбаева·