Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ақсәуле Әлжан 4-сатыдағы рактан толық айыққанын мәлімдеді

Танымал журналист және тележүргізуші Ақсәуле Әлжан сүт безінің төртінші сатыдағы қатерлі ісігінен толық айыққанын хабарлады. Бұл туралы ол «Цукербергтің көршілері» подкастында айтып берді, деп жазады  Todayinfo. Журналист бұл диагнозды 39 жасында білген. Алғашында дәрігерлер

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Ақсәуле Әлжан 4-сатыдағы рактан толық айыққанын мәлімдеді
Танымал журналист және тележүргізуші Ақсәуле Әлжан сүт безінің төртінші сатыдағы қатерлі ісігінен толық айыққанын хабарлады. Бұл туралы ол «Цукербергтің көршілері» подкастында айтып берді, деп жазады Todayinfo. Журналист бұл диагнозды 39 жасында білген. Алғашында дәрігерлер екінші саты дегенімен, кейіннен агрессивті, метастазасы бар 4-сатыдағы рак екені анықталған. Дегенмен Ақсәуле дертпен күресудің орнына оны қабылдауды жөн көрген.
«Мен ракпен күрестім деп айта алмаймын – мен оны қабылдадым. Осы қабылдау мені ішкі тыныштыққа жеткізді», – деді ол.
Ақсәуле диагнозды білген сәттегі ең ауыр сәт — балаларының тағдыры туралы ой екенін жасырмады. Оның айтуынша, екі баласы бар, кіші ұлы ерекше күтімді қажет етеді.
«Үлкенім – 12 жаста, кенжем – алтыда, аутизммен ауырады. Оның болашағы үшін қатты уайымдадым. Бірақ бәрін Құдайға тапсырдым», – дейді журналист.
Ақсәуле ем барысында апта сайын химиотерапия қабылдаған. Арнайы "cold cap" мұзды бас киімін қолданып, шашын сақтап қалуға мүмкіндік алған. Дегенмен кірпігі мен қасы түскен, дене салмағы азайған.
«Бірақ қасымды бояп, жасанды кірпік тағып, қалыпты өмір сүрдім. Жеті айдан соң тексерісте денемде қатерлі ісіктің ізі қалмағаны анықталды», – деді ол.
Ақсәуле бұл сырқат туралы көпшілікке айтуға шешім қабылдамағанын, тек анасы мен жақындары ғана білгенін айтады. Оның айтуынша, қоғамда мұндай жағдайларда адамды қорқытып, әлсірететін сөздер жиі айтылады. Журналист өз оқиғасы арқылы дертке шалдыққан жандарға үміт пен рухани күш сыйлауды мақсат етеді.  

Ұқсас материалдар

Ақсәуле Әлжан 4-сатыдағы рактан толық айыққанын мәлімдеді · Todayinfo