Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

АҚШ барлау қызметі Ресейдің Еуропаға шабуылы туралы шындықты айтты

АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры Тулси Габбард әлемдік БАҚ-та тараған "Ресей Еуропаға басып кіруді жоспарлап отыр" деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Мәскеудің тіпті Украинаны толық бақылауға алуға да әскери ресурсы жеткіліксіз. Бұл мә

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
АҚШ барлау қызметі Ресейдің Еуропаға шабуылы туралы шындықты айтты

АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры Тулси Габбард әлемдік БАҚ-та тараған "Ресей Еуропаға басып кіруді жоспарлап отыр" деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Мәскеудің тіпті Украинаны толық бақылауға алуға да әскери ресурсы жеткіліксіз.

Бұл мәлімдеме Батыс баспасөзіндегі "Путиннің амбициясы шексіз" деген тұжырымдарға мүлдем қарама-қайшы келіп отыр.

"Терең мемлекеттің" ойыны ма?

Габбардтың пікірінше, Ресейдің Еуропаға шабуылы туралы әңгімелерді соғысты жақтаушы күштер әдейі таратып отыр. Ол мұны АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік орнату жөніндегі бастамаларына тосқауыл қою әрекеті деп бағалады.

Шенеунік өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында:

"Соғысқұмарлар мен олардың насихатшыл құралдары жалған ақпарат таратып жатыр. Олар АҚШ барлау қызметі Еуроодақ пен НАТО-ның қорқынышын бөліседі деп өтірік айтады. Мақсат – әскери саясатты әрі қарай жалғастыру", – деп жазды.

АҚШ барлау қызметінің нақты болжамы

Ресми деректерге сүйенсек, америкалық арнайы қызметтер жағдайды басқаша бағалайды. Олардың қорытындысы бойынша, Ресей армиясының Украинаны толық басып алып, оккупациялауға мүмкіндігі жоқ. Ал Еуропаға басып кіру туралы әңгіме тіпті қисынға келмейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Reuters агенттігі "құпия құжаттарға" сілтеме жасап, Путиннің Украинадан бөлек, Балтық елдерін (Литва, Латвия, Эстония) қайтаруды көздейтінін жазған болатын. Габбардтың бүгінгі мәлімдемесі осы ақпаратты терістеп отыр.

Ұқсас материалдар

АҚШ барлау қызметі Ресейдің Еуропаға шабуылы туралы шындықты айтты · Todayinfo