Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақтауда клиентін ұрып жыққан дөнерхана иесі қамалды (ВИДЕО)
Ақтауда дөнерхана иесі келген клиенті хотдогтың ішінен шаш шыққанын айтқаны үшін қоқан-лоқы көрсетіп, анасымен бірігіп оны кафеден қуып жіберген. Екі баласы бар ананы жұлқылап, оны соққыға жыққан, деп хабарлайды Todayinfo. Сот санкциясымен антикор қызметкерлерінің «қамқорлы

Ақтауда дөнерхана иесі келген клиенті хотдогтың ішінен шаш шыққанын айтқаны үшін қоқан-лоқы көрсетіп, анасымен бірігіп оны кафеден қуып жіберген. Екі баласы бар ананы жұлқылап, оны соққыға жыққан, деп хабарлайды Todayinfo.
Сот санкциясымен антикор қызметкерлерінің «қамқорлығында» болған деген күдікке ілінген дөнерхана иесі екі айға қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) және 174-бабы (Араздықты қоздыру) бойынша айып тағылды.
Сот шешімімен күдіктінің анасына үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол 293-баптың 3-бөлігі (Қаруды қолдана отырып жасалған бұзақылық) бойынша айыпталуда. Тергеу мәліметінше, әйел жәбірленушіге пышақ немесе балта сияқты өткір затпен қорқытқан.
Тергеу жалғасуда, істің толық мән-жайы анықталуда.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·