Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров облыс әкімдігінде азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Облыс тұрғындары өңір басшысына тұрғын үй, жер телімін беру, әлеуметтік қолдау және коммуналдық мәселелерді шешуге қатысты сауалдармен жүгінді.
Ақтөбеліктер қала инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде көлік қатынасы, көше жарығы және коммуналдық мәселелерді шешуге қатысты сұрақтарды көтерді. Атап айтқанда, Кирпичный тұрғын алабымен автобус қатынасының мәселелері, сондай-ақ Целинная көшесін жарықтандыру мәселесі талқыланды.
Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау, оның ішінде жеке кәсіп ашуға және дамытуға көмектесу мәселелері де қозғалды.
Облыс әкіміне жұмысқа орналасуға көмектесу, кешіктірілген жалақыны алуға жәрдемдесу және жұмысқа қатысты басқа да мәселелерді шешу туралы өтініштер түсті.
Сонымен қатар, маусымдық сауда үшін жер телімдерін беру мәселелері де көтерілді.
Қабылдау барысында мемлекеттік органдар мен басқармалардың басшылары әрбір өтініш бойынша түсініктемелер беріп, оларды шешудің ықтимал жолдарын белгіледі.
Кездесу қорытындысы бойынша Асхат Шахаров тиісті ведомстволарға азаматтардың барлық өтініштерін қарап, шара қолдануды тапсырды.




