Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ақтөбелік асықтардың құны: депутат барлық тендерлерді "ұтып" алған

Ақтөбе қаласында 2025 жылы кіші архитектуралық формаларға (МАФ) бөлінген қаржы көлемі бұрын-соңды болмаған рекордтық межеге жетті. Бұған дейін жыл сайын орта есеппен 100 миллион теңге бөлініп келсе, алдағы жылы бұл көрсеткіш 331 миллион теңгеге дейін өскен, деп хабарлайды  

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Ақтөбелік асықтардың құны:  депутат барлық тендерлерді "ұтып" алған

Ақтөбе қаласында 2025 жылы кіші архитектуралық формаларға (МАФ) бөлінген қаржы көлемі бұрын-соңды болмаған рекордтық межеге жетті. Бұған дейін жыл сайын орта есеппен 100 миллион теңге бөлініп келсе, алдағы жылы бұл көрсеткіш 331 миллион теңгеге дейін өскен, деп хабарлайды  Todayinfo ақпараттық агенттігі.

МАФ-тарды дайындау, орнату және күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын қалалық мәслихат депутаты әрі “Қайсар Relations” ЖШС-нің негізін қалаушы Қайырбек Таханов жеңіп алды. Айта кету керек, ол бұл бағыттағы жобаларды бұған дейін де бірнеше мәрте ұтып алған. Жобаның ауқымы кең. 207 миллион теңге көлеміндегі қаржыға келесідей жұмыстар атқарылмақ:
  • 200-ден астам композиттік мәрмәрдан жасалған орындықтар мен қоқыс жәшіктері,
  • арт-отырғыштар,
  • жарықтандырылған инсталляциялар: шеңберлер, цилиндрлер және бұлт пішіндес нысандар.

Бұл нысандар негізінен қаланың орталық саябақтары мен демалыс аймақтарында орнатылатын болады.

Қосымша 62 миллион теңгеге:
  • Ақшат, Ақжар және Қарғалы тұрғын үй алаптарының атауы жазылған стелалар,
  • Теміржол вокзалы маңында арнайы фотоаймақ орнатылмақ.

Бұл фотоаймаққа арка, орындық, алманың мүсіні мен қарлығаш пішінді элементтер кіреді.

Тағы бір 62 миллион теңге көлеміндегі қаржыға “Қайсар Relations” компаниясы жыл соңына дейін:
  • Қаладағы барлық ескерткіштер, стелалар мен МАФ-тарды күнделікті аралап шығуға,
  • қажетіне қарай жууға, балауызбен өңдеуге,
  • ақау табылған жағдайда жедел жөндеу жүргізуге міндеттелген.
Айта кетерлігі, Қайырбек Таханов әлеуметтік желілерде жиі сынға ұшырайды. Қоғам белсенділері мен тұрғындар оның бұған дейінгі мүсіндері мен архитектуралық формаларының сапасы мен эстетикалық көрінісіне бірнеше рет наразылық білдірген. Бұл жағдайдан соң кәсіпкер орнатылатын нысандардың функционалдығы мен сапасына көбірек мән беретінін айтты.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от RAXAT SHYGAR/РАХАТ ШЫҒАР (@raxatshygar)

Ұқсас материалдар

Ақтөбелік асықтардың құны: депутат барлық тендерлерді "ұтып" алған · Todayinfo