Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ақтөбеде студент қыз ер адамды бопсалаған

Ақтөбе қалалық полиция департаменті жергілікті студентті қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.  ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласы жергілікті университетінің студент

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Ақтөбеде студент қыз ер адамды бопсалаған
Ақтөбе қалалық полиция департаменті жергілікті студентті қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.  ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласы жергілікті университетінің студентіне қатысты ірі көлемде ақша бопсалау дерегін анықтады. Студент қала тұрғынын ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін материалдарды жариялайтынын айтып қорқытқан. Жедел уәкілдер күдіктіні 25 наурызда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында, қолма-қол ақша алғаннан кейін ұстады. Ұсталған қыз кінәсін мойындады. Ол қылмысы үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.  

Ұқсас материалдар