Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Ақылы болғасын қауіпсіздік те болуы керек»: Қарағанды тұрғыны «ҚазАвтоЖол» компаниясын сотқа бермек

Қарағанды қаласының тұрғыны Ермек Кәрібаев Қарағанды-Астана бағытындағы ақылы жолда құлап қалған жарық бағанаға соғылып, көлігінің тас-талқан болғанын мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo . Ермек Кәрібаевтың айтуынша, бағана дұрыс орнатылмаған. «Дұрыс орнатылмаған бағананың кесірін

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Ақылы болғасын қауіпсіздік те болуы керек»: Қарағанды тұрғыны «ҚазАвтоЖол» компаниясын сотқа бермек
Қарағанды қаласының тұрғыны Ермек Кәрібаев Қарағанды-Астана бағытындағы ақылы жолда құлап қалған жарық бағанаға соғылып, көлігінің тас-талқан болғанын мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo. Ермек Кәрібаевтың айтуынша, бағана дұрыс орнатылмаған.
«Дұрыс орнатылмаған бағананың кесірінен көлігім тас-талқан болды. "ҚазАвтоЖол" компаниясын сотқа беремін. Бағана іргетасқа мықтап бекітілмеген, небәрі екі-үш жерінен ғана дәнекерленген екен. Ақылы жолда жүрген соң қауіпсіздік толық қамтамасыз етілуі керек», – деді ол.
Оқиға кезінде қатты желдің салдарынан бағана құлап, бірден екі көлік соқтығысқан. Абырой болғанда, адамдар зардап шекпеген. Алайда Ермек Кәрібаевтың көлігі қатты зақымданып, қозғалтқышы мен шанағын күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігі туындады. Оның айтуынша, ол автобанда жоғары жылдамдықпен келе жатқандықтан, кедергіні дер кезінде байқап, тежегішті басып үлгермеген. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми өкілі Сәкен Ділдахмет оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Жарық бағаны қатты желдің салдарынан құлады. Сол уақытта екі көлік те тежегішті басып үлгере алмады. Полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Азаматтар сотқа немесе сақтандыру компаниясына өтемақы алу үшін жүгіне алады», – деді ол.
 

Ұқсас материалдар

«Ақылы болғасын қауіпсіздік те болуы керек»: Қарағанды тұрғыны «ҚазАвтоЖол» компаниясын сотқа бермек · Todayinfo