- Алматы – Гоа (SCAT – аптасына 2 рейс)
- Астана – Гоа (FlyArystan – аптасына 2 рейс)
Астана мен Дели арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Фото: depositphotos.com 2023 жылдың 14 мамырынан бастап «Indigo» әуе компаниясы Астана-Дели бағыты бойынша тікелей рейстерді бастайды. Бұл рейстер аптасына 3 рет орындалады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Көлік министрлігінің мәліметінше, 5 ақпанда Қазақстанны

Фото: depositphotos.com
2023 жылдың 14 мамырынан бастап «Indigo» әуе компаниясы Астана-Дели бағыты бойынша тікелей рейстерді бастайды. Бұл рейстер аптасына 3 рет орындалады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Көлік министрлігінің мәліметінше, 5 ақпанда Қазақстанның авиациялық билігі мен Астана халықаралық әуежайы өкілдері Үндістанның «Indigo» әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Нәтижесінде 2023 жылдың 14 мамырынан бастап Астана-Дели бағыты бойынша тікелей рейс ашу туралы келісімге қол жеткізілді. Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерімен аптасына 3 рет орындалады.
«Қазақстан мен Үндістан астаналары арасында тікелей рейстің ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттырып, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал етеді», – делінген министрлік хабарламасында.
Бұған қоса, Air Astana компаниясы 2023 жылдың 20 сәуірінен бастап Алматы-Мумбай бағыты бойынша тікелей рейстер ашады. Рейстер Airbus әуе кемелерімен аптасына 3 рет орындалады.
Көктемгі-жазғы навигация кезеңінде екі ел арасындағы жолаушылар рейстерінің саны 5 әуе бағыты бойынша аптасына 24 рейске дейін ұлғаяды деп күтілуде.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты рейстер келесі бағыттар бойынша орындалып жатыр:
Алматы – Дели (Air Astana – аптасына 7 рейс, IndiGo – аптасына 7 рейс)
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстандық аграршылар табысы жоғары дақылдарға басымдық беріп отыр
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Танымал журналист Мемлекет басшысының жетістіктерін атап өтті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты бірінші сот отырысы кейінге қалдырылды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Добывали песок со дна Тобола на 719 млн тенге: дело передали в суд
Жаннұр Еділбаева·