Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тілендиев даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты, 2 мамырдан 9 мамырға дейін Сарыарқа даңғылынан Күмісбеков көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара шектелді.
Көлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылған.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында аталған бөлікке уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өз бағыттарын өзгерістерді ескере отырып алдын ала жоспарлау ұсынылады.




