Астанада -23° аяз: үш ірі мегаполистегі ауа райы
«Қазгидромет» Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. Елордада аяз күрт жылымықпен алмасады.

Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстанның үш ірі қаласы – Астана, Алматы және Шымкентке арналған алдағы үш күннің ауа райы болжамын ұсынды. Елордада қатты аяздан кейін күн күрт жылынады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Астанада 8 ақпанда жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Ауа температурасы түнде -21-23°С-қа дейін төмендейді, ал күндіз -7-9°С болады. Алайда 9 ақпаннан бастап оңтүстіктен соққан жел күшейіп (15-20 м/с), қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Күн бірден +1°С-қа дейін жылынады. 10 ақпанда да осындай құбылмалы ауа райы сақталып, температура 0°С шамасында болады.
Алматыда 8 ақпанға қараған түні қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде -2-4°С, күндіз +1+3°С болады. Ал 9 және 10 ақпан күндері жауын-шашынсыз, ашық ауа райы орнайды. Ауа температурасы түнде 0...+3°С болса, күндіз +7...+10°С-қа дейін көтеріліп, нағыз көктем шуағы сезіледі.
Шымкентте алдағы күндері жылы ауа райы сақталады. 8 ақпанда жауын-шашын болмайды, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз ауа +12+14°С-қа дейін жылиды. 9 ақпанда күн бұзылып, жаңбыр жауады, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз +14+16°С болады. 10 ақпанда да жаңбыр жауып, күндізгі температура +10+12°С-қа дейін сәл төмендейді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстандық аграршылар табысы жоғары дақылдарға басымдық беріп отыр
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Танымал журналист Мемлекет басшысының жетістіктерін атап өтті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты бірінші сот отырысы кейінге қалдырылды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Добывали песок со дна Тобола на 719 млн тенге: дело передали в суд
Жаннұр Еділбаева·