Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала зардап шекті

  Астанада Мәңгілік ел даңғылында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шығып, үш бала жарақат алды. Оқиға бүгін түнде болған,деп хабарлайды Todayinfo. Өрт үйдің кіреберісіндегі электр қалқанынан шыққан. Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жетіп, 50 тұрғынды, оның ішінде

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала зардап шекті
 Астанада Мәңгілік ел даңғылында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шығып, үш бала жарақат алды. Оқиға бүгін түнде болған,деп хабарлайды Todayinfo. Өрт үйдің кіреберісіндегі электр қалқанынан шыққан. Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жетіп, 50 тұрғынды, оның ішінде 18 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Алайда үш бала түтіннен зардап шегіп, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлердің мәліметінше:
  • 15 жастағы жасөспірімнің жағдайы ауыр, ол реанимация бөлімінде қажетті ем қабылдап жатыр.
  • 10 және 11 жастағы балалардың денсаулығы тұрақты, олар соматика бөлімінде ем алуда.
Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Ұқсас материалдар

Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала зардап шекті · Todayinfo