Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Астанадағы темір жол вокзалында жарылыс болды: полиция қылмыстық іс қозғады

Фото: ҚТЖ Астана теміржол вокзалының алдында жарылыс болды. Пойыз арқылы жеткізілген контейнердің жарылуына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Todayinfo. Төтенше жағдай түнгі сағат 00:25-те Астана стансасындағы іріктеу алаңының 12-жолағында болды. Елордаға пойыз

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Астанадағы темір жол вокзалында жарылыс болды: полиция қылмыстық іс қозғады
Фото: ҚТЖ Астана теміржол вокзалының алдында жарылыс болды. Пойыз арқылы жеткізілген контейнердің жарылуына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Todayinfo. Төтенше жағдай түнгі сағат 00:25-те Астана стансасындағы іріктеу алаңының 12-жолағында болды. Елордаға пойыз арқылы жеткізілген жүк контейнері жарылған. Бір адам қолынан жеңіл жарақат алды, алайда ауруханаға жатқызуды қажет етпеді. Полицейлер жолаушылар мен жақын маңдағы тұрғындарға қауіп төнбегенін хабарлады.
«Көліктегі полиция департаменті бұл оқиға бойынша «Темір жол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнына дереу департамент басшылығы жеткен. Арнайы жедел топ құрылды, олар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісіп кетті», - деп хабарлады Көліктегі ПД.
ҚТЖ жарылған контейнердің жеке компанияға тиесілі екенін хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша ішінде электр жабдықтары – трансформаторлар мен генераторлар болған.

Ұқсас материалдар

Астанадағы темір жол вокзалында жарылыс болды: полиция қылмыстық іс қозғады · Todayinfo