Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Атырауда оқушы сыныптасын аяусыз соққыға жықты

Атырауда бастауыш сынып оқушысы мектептің алдында сыныптасын ұрып-соғып, басқа балалар оны видеоға түсірген, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Бұл туралы AtyrauPress басылымы хабарлады. Оқиға әлеуметтік желілерде резонанс тудырды,бірақ жәбірленушінің анасының айтуынша, оқуорнының басш

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Атырауда оқушы сыныптасын аяусыз соққыға жықты

Атырауда бастауыш сынып оқушысы мектептің алдында сыныптасын ұрып-соғып, басқа балалар оны видеоға түсірген, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Бұл туралы AtyrauPress басылымы хабарлады.

Оқиға әлеуметтік желілерде резонанс тудырды,бірақ жәбірленушінің анасының айтуынша, оқуорнының басшылығы ата-аналарға мәселені өз бетінше шешуді ұсынып, тиісті шараларқабылдамаған. Шулы бейнежазба әлеуметтікжелілерде пайда болды. Онда оқушыныңсыныптасына қалай соққы беріп жатқаны, албасқа балалар не болып жатқанын көріп, онытелефонға түсіріп жатқаны көрінеді.

"Менің балам 37-ші мектепте оқиды. Сабақтан кейін оны сыныптасы ұрып тастады, ал басқа балалар оны видеоға түсірді. Ата-ананың бірі маған жазба жіберді. Мен травмпунктке жүгіндім, өтініш жаздым, бірақ мектепте немқұрайлылыққа тап болдым.Директор жұмыстан босамай жатқанын сылтауратып, мені оқу ісінің меңгерушісіне жіберді, ал ол оқиғаның сабақтан кейін болғанын және ата-аналар бір-бірін түсінуі керек деді. Егер бейнежазба болмаса, мен ұлымды ұрып-соғып жатқанын дәлелдей алмас едім. Күні бойы ешкім кешірім сұраған жоқ, ал шағым түсіп, оның соңы айыппұлға әкелуі мүмкін екенін білгенде, олар кешірім сұрады" делінген бейнежазбаның сипаттамасында.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша тексеружүргізілді. Құқық бұзушылыққа жол берген кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігібойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Ұқсас материалдар

Атырауда оқушы сыныптасын аяусыз соққыға жықты · Todayinfo