Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Аулаға көмген: Атырауда жоғалған Наурыз бен Мейрамгүлдің мүрделерін Индонезиядан жеткізілген қашқындар көрсетті

Атырау қаласының іргесіндегі Геолог шағынауданынан Жангелдин ауылының тұрғындары, көптен бері іздеуде жүрген Наурыз бен Мейрамгүлдің денелері табылды. Желтоқсан айынан бері хабар-ошарсыз кеткен бауырларды іздеу жұмыстары осы уақытқа дейін нәтиже бермей келген еді. Алайда іс бойын

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Аулаға көмген: Атырауда жоғалған Наурыз бен Мейрамгүлдің мүрделерін Индонезиядан жеткізілген қашқындар көрсетті
Атырау қаласының іргесіндегі Геолог шағынауданынан Жангелдин ауылының тұрғындары, көптен бері іздеуде жүрген Наурыз бен Мейрамгүлдің денелері табылды. Желтоқсан айынан бері хабар-ошарсыз кеткен бауырларды іздеу жұмыстары осы уақытқа дейін нәтиже бермей келген еді. Алайда іс бойынша басты күдікті ретінде қарастырылған Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның жұбайы Ақбаян ұсталып, елге жеткізілгеннен кейін жағдай өзгерді. Тергеу барысында Сұлтан Сәрсемәлиев оларды өлтіргенін мойындап, мәйіттерді бұрын өзі жалдап тұрған үйдің ауласына көміп тастағанын айтқан. Осы мәлімдемеден соң Атырау сақшылары көрсетілген мекенжайға барып, қазу жұмыстарын жүргізді. Марқұмдардың денелері сол жерден табылды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда. Фото: ІІМ

Ұқсас материалдар

Аулаға көмген: Атырауда жоғалған Наурыз бен Мейрамгүлдің мүрделерін Индонезиядан жеткізілген қашқындар көрсетті · Todayinfo