"Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілетін болады. Олардың нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Сонымен бірге тергеу барысында өтініште баяндалған барлық дәлелдер тексеріледі және ол аяқталғаннан кейін қылмыстық процестің барлық қатысушыларының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі ", - деп хабарлады Түркістан облысы ДП.Полиция хабарлағандай, жақындары тарапынан ұрып-соғу зейнеткердің өліміне әкеліп соқтырғанша жәбірленушіден немесе басқа адамдардан органдарға зорлық-зомбылық фактілері бойынша арыз түспеген.
«Бәрін көре тұра үндемеген»: Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды
Жақында Түркістан облысында ер адам өзінің қарт әкесін ұрып өлтіргкні туралы ақпарат қызу талқыға түсті. Бүгін күдіктінің келіншегіне қатысты да қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттіг

Жақында Түркістан облысында ер адам өзінің қарт әкесін ұрып өлтіргкні туралы ақпарат қызу талқыға түсті. Бүгін күдіктінің келіншегіне қатысты да қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам қарт адамды ұрып-соғып жатқан видео тараған болатын. Видеода қарияның беті қанға боялғаны анық көрінеді. Ақсақал орнынан тұра алмаған соң, баласы әйелін шақырып алып, екеуі ақсақалды сүйреп алып кетеді.
Кейін видеода баласы әкесін ұрып-соққаны анықталды. Ал әйелі оны тоқтатпаған. Видеоны көршісі жасырын түсіріп алған.
Полиция департаментінен хабарлағандай, әкесінің өлімінен кейін ұлына қатысты ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігінің "Зардап шегушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ ұлының әйеліне қатысты тергеу жүргізілуде. Қылмыстық іс ҚК-нің 3-бабы 2-бөлігінің 109-1-тармағы бойынша "Кінәліге көрінеу дәрменсіз күйде не кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамды ұрып-соғу" бойынша қозғалды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Нарынқолдан шыққан 500 ғалыммен байланыс орнатамыз – Дастан Құдабаев
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Семейде үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан құрылыс компаниясы басшылары сотталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу тәмамдалды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Перуашев объявил об уходе с поста лидера партии «Ак жол»
Жаннұр Еділбаева·