Батыс Қазақстан облысының әкімі «Келешек мектептер» жобасы аясындағы құрылыс жұмыстарын тексерді
2025 жылғы 12 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласы мен Бәйтерек ауданында білім беру саласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында ӣңір басшысы мектеп инфрақұрылымын жаңғырту мен кеңейтуге бағытт

2025 жылғы 12 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласы мен Бәйтерек ауданында білім беру саласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында ӣңір басшысы мектеп инфрақұрылымын жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған «Келешек мектептер» жобасы аясында салынып жатқан нысандарды аралады.
Алғашқы нысан – Орал қаласындағы №8 орта мектеп. Мұнда жаңа оқу корпусының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Әкім құрылыс жұмыстарының сапарға сай және сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтіп, жаңа мектептің заманауи стандарттарға сай болуы тиіс екенін және оқушыларға барынша жайлы жағдай жасалу керектігін айтты.
Одан кейін Нариман Төрегалиев Бәйтерек ауданына қарасты Байқоныс және Достық ауылдарында болды. Мұнда 600 және 1200 орындық заманауи мектептер бой көтеруде. Бұл нысандар оқушы санының артуын ескере және қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайту мақсатында салынуда.
Сапар қорытындысында облыс әкімі мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарының уақытылы аяқтауды тапсырды және жауапты мекемелерге бұл нысандарды тұрақты бақылауда ұстауды жүктеді.
— «Біз заманауи мектептер салу бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Бұl – ӣірдің болашағына, баларымыздың сапалы білім алуына салынған инвестиция. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрбі мектеп тек қана емес, білімнің, шығармашылығтың және тәрбиенің орталғы болуы тиіс екенін ерекше атап өтеді. Сондықтан біз жұмыстардың сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз етіп, оқушылар мен мұғалімдер үшін барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек», – деді ӣір басшысы.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістандық педагог сот залында өзіне қол салмақ болды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Чего ждать от решения Нацбанка 5 июня – мнения экспертов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·