Баян Мақсатқызы Ирина Кайратовна тобын бірге ән айтуға көндіре алмай жүр
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Kesh You-мен бірге ән айтпаған Ирина Кайратовна тобын сынады. Медиа менеджер аталған топ келіспегесін Snoop Dogg-қа хабарласқан. “Ирина Кайратовнаға бізбен фит айтуға өтініш айтып тұрған сәт. Олар бір рет бас тартты. Бірақ мен үмітімді үзбеймін. Т

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Kesh You-мен бірге ән айтпаған Ирина Кайратовна тобын сынады.
Медиа менеджер аталған топ келіспегесін Snoop Dogg-қа хабарласқан.
“Ирина Кайратовнаға бізбен фит айтуға өтініш айтып тұрған сәт. Олар бір рет бас тартты. Бірақ мен үмітімді үзбеймін. Талантты адамдармен жұмыс істеу оңай болмаған, ал олармен келісімге келу одан да қиын... Ирина Кайратовна, ұялсаңдаршы! Snoop Dogg бір жыл ойланды, сосын оған қатты ұнап қалды. Барлық қыздардан құралған топ та ақырына дейін күтті. Біз төзімдіміз, қырсықпыз, сұлумыз, таланттымыз және үнемі бір толқындамыз! Үш күннен кейін хабарласамын", – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі топтың бағыты бөлек екенін жарыса жазып жатыр.
“Тұрар, Мирастармен айтса болады, Ирина Кайратовнаның бағыты бөлек”, “Ирина Кайратовна, осыдан фит айтсаңдар, сендерді тыңдамаймын", "Снупқа бәрібір ғой, ақшасы төленсе болды”, “ИК жігіттері тіпті гонорарға қарамайды, принцип ұстанады", “Snoop Dogg Maxi шайдың жарнамасына түсті”, – дейді көпшілік.
Еске салайық, KeshYou мен Snoop Dogg-тың жаңа бейнебаяны сынға қалғанын жазған едік.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·