Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Бейбіт Әлібеков сотта онлайн жауап беріп, сот әділдігіне күмән келтірген

Сот процесінде ең көп дау туғызған мәселе – Бейбіт Әлібековтің онлайн режимде жауап беруіне рұқсат берілуі. Бұған дейін сот отырыстары офлайн форматта өтеді деп бекітілген еді. Алайда блогердің адвокаты оның Астанада болуын алға тартып, онлайн қатысуға өтініш берген,деп хабарлайд

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Бейбіт Әлібеков сотта онлайн жауап беріп, сот әділдігіне күмән келтірген
Сот процесінде ең көп дау туғызған мәселе – Бейбіт Әлібековтің онлайн режимде жауап беруіне рұқсат берілуі. Бұған дейін сот отырыстары офлайн форматта өтеді деп бекітілген еді. Алайда блогердің адвокаты оның Астанада болуын алға тартып, онлайн қатысуға өтініш берген,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Адвокат Сәуле Көбжанованың айтуынша, Әлібеков дәл сол күні Қарағанды қаласында болған, яғни сотқа әдейі келмеген.
«Сұрақ қою барысында мен мұны анықтадым, бірақ судья маған сөз бермей, тіпті телефонды тартып алуды талап етті», – деді ол.
Кейін адвокат Гаухар Сәлімбаева сұрақ қоймақ болғанда да, судья бірнеше рет бөліп, сөйлеуіне мүмкіндік бермеген. Судьяның айғайына екі адвокат та тап болды. Нәтижесінде марқұмның анасы мен әпкесі сот залын тастап шықты.
«Бұл – сотқа деген сенімнің жоғалғанының көрінісі», – дейді Көбжанова.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы 29 қазанда Алматы – Астана тас жолындағы «Сокол» автодромында 22 жастағы Батырхан Ержанов трюк жасау кезінде 45 жастағы Анатолий Подлипалин жүргізіп келе жатқан Lamborghini көлігінің астында қаза тапқан болатын. Бұл көлік Бейбіт Әлібековке тиесілі болған. Оқиға алдында Әлібеков Telegram-арнасында көлікті трюк үшін беруге қатысты сауалнама жүргізген. Соңында ол көлікті сеніп тапсырып, бұл трагедияға себеп болған.     https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=4196278007274834&id=100006780274593&ref=embed_post  

Ұқсас материалдар

Бейбіт Әлібеков сотта онлайн жауап беріп, сот әділдігіне күмән келтірген · Todayinfo