Белгілі әзілкеш Нұрлан Сабыров қазақтың тойында жүр
Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров Астанада өткен мерекелік кешке арнайы қонақ ретінде қатысып, оның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Мәліметтерге сәйкес, елордалық кәсіпкер ұйымдастырған бұл той Иман Әли мен Мұхаммед Әли есімді сәбилердің бір жасқа толуына орай өткізілге

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров Астанада өткен мерекелік кешке арнайы қонақ ретінде қатысып, оның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.
Мәліметтерге сәйкес, елордалық кәсіпкер ұйымдастырған бұл той Иман Әли мен Мұхаммед Әли есімді сәбилердің бір жасқа толуына орай өткізілген. Кешке жиналған қонақтар әзілкешті ерекше ықыласпен қарсы алған.
Желіде тараған кадрлардан Нұрлан Сабуровтың мейрамханаға қонақтардың ду қол шапалағымен кіріп келе жатқанын көруге болады. Кейін той иесі дәстүр бойынша оған шапан жауып, құрмет көрсеткен.
Айта кетейік, бұл жиынға бұрынғы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовта келгені белгілі болды. Тойдан тараған бейнежазбалар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Незаконная добыча недр и нарушения миграционного законодательства: в Туркестанской области выявили 12 иностранцев
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Түркістанда жалған қожалықтың иелері жоқ мүлікті кепілге қойып, 3 миллиард теңге несие алған
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
В Туркестане осудили 27 участников ОПГ за хищение более 3 млрд тенге
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Более 112 тонн ГСМ пытались незаконно вывезти из Казахстана с начала июля
Жаннұр Еділбаева·