Шаруалар тіпті қораға желдеткіш орнатуға мәжбүр. Алайда бұдан аса пайда жоқ. Желдеткіш пен салқындату жүйелері, фермерлердің шығынын көбейтті.

Шығын мал басында да көп. Сиыр сүт бермей, доңызға дейін қырылып жатыр. Синоптиктер жыл өткен сайын күн бұдан да ыси түседі деп ескертеді. 

Сандер Палманс, агроорталық басшысы: - Ыстық күшейген сайын сиырлардың жағдайы нашарлайды. Олар салқындау үшін үнемі желдеткіштің жанына барады. Соның салдарынан дұрыс тынықпай, сүт те аз береді. Мұндай кезде ферманы салқындатуға күн сайын 150-200 еуро жұмсауға мәжбүрміз. Соның кесірінен кірісіміз азаяды.